Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа кеңес берді

Жарияланған күні:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасында 51 кг салмақта жұдырықтасады. Оның басты қарсыластарының бірі – өзбекстандық Хасанбай Досматов. Осы орайда кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Марат Мәзімбаев Бибосыновқа кеңес берді, деп хабарлайды Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін Бибосынов пен Досматов шаршы алаңда үш рет кездескен еді. Оның екеуінде өзбек боксшысы жеңіске жеткен болатын.

"Досматов екі дүркін Олимпиада чемпионы атануды армандайды. Сәкеннің де арманы — Олимпиада алтыны. Бұл жерде бәрі Бибосыновтың өз қолында. Хасанбайға қарағанда, Сәкеннің қолдары ұзын. Осы басымдықты пайдалану керек. Ара-қашықтық сақтап, өзіне жақындатпау керек. Досматовты жеңуге болады", - деді Мәзімбаев.

Сәкен Бибосынов наурызда Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Ол – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы.

Еске салайық, Бибосыновқа Парижде қарсылас болатын боксшылар туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2131803-kasipqoi-bokstan-buryngy-alem-chempiony-saken-bibosynovqa-kenges-berdi/