jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Бұрын біз жақсы болсақ, қазір олар алға шықты": қазақстандық бапкер қазақ-өзбек боксы туралы айтты

    Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов рингте
    Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Дамир Буданбеков Париж Олимпиадасына қатысатын ұлттық құрама туралы айтып, қазақ-өзбек боксы туралы да сөз қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қазір боксқа лицензия алу да қиындап кетті. Өйткені аталған спорт түрі бар әлемде дамып жатыр. Біздің команданың сапында Азия, әлем чемпиондары бар. Құрам жаман емес. Сондықтан тек сәттілікке байланысты бәрі. "Бақ шаба ма, бап шаба" ма дегендей… Жігіттердің ішінде осы жақсы, осы осал деп ешкімді айтпаймын.

    Иә, қазір өзбектермен жиі салыстырады бізді. Бұрын біз жақсы болсақ, қазір олар алға шықты. Себебі боксты бүкіл ауылға апарды олар. Енді жігіттер әлемдік турнирлерден жолдама алды ғой. Бұл да оңай емес", - деді Буданбеков.

    Дамир Буданбеков 2004-2009 жылдары ұлттық құраманың бас бапкері болып қызмет атқарды. Ол қазақстандық боксшыларды Бейжің Олимпиадасына бастап апарған еді.

    Айта кетейік, Париж Олимпиадасына бокстан Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады.

    "Бұрын біз жақсы болсақ, қазір олар алға шықты": қазақстандық бапкер қазақ-өзбек боксы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.