jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз түйістірді (видео)

    Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович
    Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович. Фото: instagram.com/toprank

    Орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен көз түйістірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 14 шілдеде Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында өтеді. Әлімханұлы екі бірдей чемпиондық атағын қорғайды.

    "Менің мақсатым – төрт белбеу. Бірден екі титулды бірінші рет қорғайтыным маңызды емес. Мақсатым – барлық төрт белбеуді жеңіп алып, содан кейін қорғау.

    Жекпе-жекке келіскен Андрейге рақмет. Оның кейбір чемпиондардан айырмашылығы менімен жұдырықтасуға келісті. Әрине мен Андрейдің алдағы жекпе-жекте барын салатын жас, жеңілмеген және аш қарсылас екенін түсінемін.

    Әдеттегідей Калифорнияда дайындалдым. Лагерьде бәрі жақсы өтті. Менің 4-5 түрлі спарринг серіктестерім болды, олар маған жақсы дайындалуға көмектесті", - деді Әлімханұлы баспасөз мәслихатында.

    Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) соңғы жекпе-жегінде Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутпен жеңген еді. Ал Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) соңғы рет шаршы алаңға сәуірде шығып, венесуэлалық Эдисон Сальтаринді бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын.

    Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз түйістірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.