jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ермахан Ибраимов Париж Олимпиадасында топ жаратын боксшылардың есімдерін атады

    Ермахан Ибраимов
    Ермахан Ибраимов. Фото: youtube.com/@ruslansport

    Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Париждегі дүбірлі додада толық құрамда қатысатын және көпшілік үміт артып отырған команда. Атақты қазақстандық боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Kazinform порталына берген сұқбатында Франция астанасында жұдырықтасатын боксшылардың әлеуетін бағамдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Тәуелсіз Қазақстан спортшылары үшін Париждегі жазғы Олимпиада ойындары өз кезегінде сегізінші байрақты бәсеке болады. Токио Олимпиадасынан басқа барлық додада отандық былғары қолғап шеберлері алтын медаль жеңіп алды. Қазіргі құрамада осы Олимпиадада өзінің біліктілігімен елді қуанта алатын мықты боксшылар бар.

    Иә, біздің команда барлық салмақ дәрежесі бойынша лицензияға ие болды, бірақ басты үміт тәжірибелі Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаевқа, капитан Асыланбек Шымбергеновке, шебер боксшы Махмұд Сабырханға артылып отыр. Қалған боксшыларымыздың да жүлдеге таласу мүмкіндігі жоғары. Ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бірнеше рет өздерінің кез келген сынға дайын екенін көрсеткен", - деді Ермахан Ыбырайымов.

    Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Франция астанасында өтетін Олимпиада ойындарына бокстан Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады. Байрақты бәсекеде ел намысын Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 к) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) қорғайды.

    Ермахан Ибраимов Париж Олимпиадасында топ жаратын боксшылардың есімдерін атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.