jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Олимпиада-2024: қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

    Сакен Бибосынов
    Сакен Бибосынов. Фото: Ben McShane/Getty Images

    Олимпиаданың ресми ашылу салтанатына бір күн қалғанда Париж төрінде өнер көрсететін боксшылардың жеребесі тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін, 25 шілдеде Париж төрінде өнер көрсететін боксшылардың жеребесі тартылды. Қазақстандық спортшылардың қарсыластары да белгілі болды.

    Ерлер командасының алғашқы жекпе-жектері:

    • 51 кг. Самет Гюмюш – Сәкен Бибосынов;
    • 57 кг. Сабырхан Махмұд – Хосе Кильес;
    • 63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Ибаррече Конде;
    • 71 кг. Асланбек Шымбергенов – Зейяд Ишаиш;
    • 80 кг. Нұрбек Оралбай – Каллум Питерс;
    • 92 кг. Адам Олаоре – Айбек Оралбай;
    • 92+ кг. Қамшыбек Қоңқабаев – Аюб Дрисси.

    Бұрымды боксшыларымыздың да алғашқы қарсыластары анықталды:

    • 50 кг. Джордана Соррентино – Назым Қызайбай;
    • 57 кг. Карина Ибрагимова – Лозада Мотта;
    • 75 кг. Билон Атейна – Валентина Хальзова.

    Айта кетейік, бокс бәсекесінің алғашқы жекпе-жектері 27 шілде басталады. Жарыстың бірінші күнінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы испаниялық қарсыласымен жұдырық түйістіреді.

    Бүгін, 25 шілдеде Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарын бастады. Бірінші болып садақшылар жарыс жолына шықты. Қазақстан құрамасы сапынан Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко сынға түсті.

    Олимпиада-2024: қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.