Париж Олимпиадасы аясында бокс бәсекесінен 63,5 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары аясында бокс бәсекесінен 63,5 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы айналымда испаниялық Ойер Ибареччеге қарсы кездесу өткізді. Бұл кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы келесі жекпе-жегі 29 шілдеде Тайвань елінің боксшысы Ен Чу Лайға қарсы өткізеді.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасының алғашқы күнінде ел қоржынына 1 алтын, 1 қола жүлде түсті. Дзюдодан Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, ату спортынан жалпы командалық сайыста Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қолаға қол жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2140696-muhammedsabyr-bazarbaiuly-algashqy-ainalymda-qarsylasynan-basym-tusti/