jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовке телефон шалып құттықтады (видео)

    Дзюдошы Елдос Сметов
    Дзюдошы Елдос Сметов. Скриншот: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовке телефон шалып, оны Олимп шыңын бағындыруымен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қазақтың рухын, жалпы халқымыздың мықты мінезін көрсеттің. Бәріміз сені мақтан тұтамыз. Сөзіңде тұрдың, тамаша жеңіске жеттің, нағыз жігітсің! Сен сияқты жігіттердің арқасында туымыз әрқашанда асқақтап, желбірей берсін. Жаңа жеңістерге жете бер. Саған және отбасыңа аманшылық тілеймін. Астанада кездескеше!", - деді Президент.

    Айта кетейік, қазақ дзюдошысы Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті. Осылайша, Елдос Сметов Олим шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды. 

    Сондай-ақ Елдос Сметов тәуелсіз Қазақстан тарихында дзюдодан Олимпиада чемпионы атанды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовке телефон шалып құттықтады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.