Боксшы Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
57 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан 1/8 финалдық кезеңі аясында испаниялық Хосе Кильеске қарсы кездесу өткізді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы 4:1 есебімен жеңіліп, ширек финалға жолдама ала алмады
Сондай-ақ 30 шілдеде 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 1/8 финалдық кезеңі аясында аустралиялық Каллум Петерстен 3:2 есебімен басым түсіп, ширек финалға шыққан еді.
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық боксшылардың ішінен Асланбек Шымбергенов (71 кг дейін), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2142550-mahmud-sabyrhan-algashqy-zhekpe-zheginde-zhengilip-olimpiadamen-qosh-aitysty/