Боксшы Асланбек Шымбергеновті жамбылдық жанкүйерлер күтіп алды (видео)
Опубликовано:
Париж Олимпиадасының қатысушысы Асланбек Шымбергеновті жамбылдық жанкүйерлер күтіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысының өңірлік комуникациялары қызметінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Боксшы Асланбек Шымбергеновті әуежайдан Жамбыл облыстық спорт басқармасының өкілдері, спортшының жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды.
Жамбылдық жанкүйерлердің тарапынан қазақстандық боксшыға ерекше құрмет көрсетілді. Жиналған көпшілік былғары қолғап шебері Асланбек Шымбергеновтің болашақта талай биік белестерді бағындыратынына сенім білдіріп, қолдау көрсетті. Сондай-ақ Асланбек Шымбергенов те өзін қолдаған жанкүйерлер алғысын жаудырды.
Айта кетейік, боксшы 28 шілдеде өткен алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зейяд Ишаиштан жеңіліс тапқан болатын. Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін жалғасады.
- "Келесі Олимпиадаға қатысамын": Асланбек Шымбергенов 2028 жылғы байрақты бәсекеге қатысатынын айтты
- Париж Олимпиадасы: қазақстандық мерген іріктеу кезеңінен ары аса алмады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2142588-boksshy-aslanbek-shymbergenovti-zhambyldyq-zhankuierler-kutip-aldy-video/