Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: Айбек Оралбай жартылай финалға шыға алмады

Жарияланған күні:

Казахстанский боксер Айбек Оралбай
Айбек Оралбай. Фото: Richard Pelham/Getty Images

Париж Олимпиадасы аясында өтіп жатқан бокс бәсекесінде Айбек Оралбай кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының ширек финалдық кезеңде қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Әзірбайжан елінің өкілі Лорен Альфонсо Домингеске қарсы кездесу өткізді. Үш раундтың нәтижесінде қазақстандық боксшы 2:3 есебімен жеңіліс тапты.

Лорен Альфонсо Домингес 2021 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ боксшы 2021 жылғы Сербиядағы әлем чемпионатында топ жарған.

Айта кетейік, Франция астанасы Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін өз жалғасын табады. Қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2143330-aibek-oralbai-zhartylai-finalga-shyga-almady/