Назым Қызайбай: Олимпиадада барлық қарсылас бірдей болады
Опубликовано:
Боксшы Назым Қызайбай 1/8 финалдық кезеңдегі жеңісінен кейін пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Бәрі ойдағыдай өтті. Әлі де бұдан да жақсы өнер көрсету керек деп ойлаймын. Олимпиадада барлық қарсылас бірдей болады. Кім психологиялық тұрғыдан дайын болады – сол жеңіске жетеді. Сондықтан әр жекпе-жекте аянбай, жеңіс үшін барымды беремін", - деді Назым Қызайбай "Хабар" телеарнасына берген сұқбатында.
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының 1/8 финалдық кезеңінде қазақстандық боксшы Назым Қызайбай бразилиялық Каролайн Барбоза де Алмейдадан 5:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, бүгін, 1 тамызда қазақстандық боксшылар арасынан 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай (сағат 20:54) мен 63,5 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (сағат 00:20) шаршы алаңға шығады.
- Назым Қызайбай Панамерика ойындарының чемпионын жеңіп, ширек финалға шықты
- Париж-2024: Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған спортшы тағы бір сайыста бақ сынады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2143318-nazym-qyzaibai-olimpiadada-barlyq-qarsylas-birdei-bolady/