Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов қазақстандық боксшылардың Париж Олимпиадасындағы жекпе-жектеріне баға берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Бұл Олимпиада біз үшін өте сәтсіз болды. Жігіттердің бәрі нашар жұдырықтасқан жоқ. Ешкімді кінәламаймын, боксшыларымыз барын салды. Бұл – Олимпиада, осал қарсылас жоқ. Көп жекпе-жек 3:2 есебімен аяқталып жатыр. Тек мықтылар іріктеліп келген. Ешкімді ұрып, құлатып ұта алмайсың. Бүгінгі жекпе-жекте Сәкен бірінші, екінші раундта ұтып тұрды. Үшінші раунд тең дәрежеде өткен шығар. Бірақ жеңіс бізге бұйырмады", - деді Айтжанов "Хабар" телеарнасына берген сұқбатында.
Сондай-ақ Мырзағали Айтжанов "Төрешілер тарапынан белден басу болды ма?" деген сұраққа жауап берді
"Оны айта алмаймыз, бірақ көзге көрініп тұр ғой. Енді не істейсің бермесе?", -деді бас бапкер.
Айта кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасынан жеті боксшының ішінен тек Нұрбек Оралбай Олимпиаданы жалғастыратын болды. Ол жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналеспен жұдырықтасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2143978-myrzagali-aitzhanov-bul-olimpiada-biz-ushin-ote-satsiz-boldy/