jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Мырзағали Айтжанов: Нұрбек қазақстандық боксшылардың есесін қайтарды

    Мырзағали Айтжанов
    Мырзағали Айтжанов. Фото: Тұрар Қазанғапов/Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Нұрбек Оралбайдың жартылай финалдағы өнеріне баға берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Әлемдегі ең мықты боксшылардың жиналған жарысында әрбір кездесу оңайға соқпайды. Доминикандық қарсыласымыздың жекпе-жектерін көрдік. Мықты деген боксшыларды ұтты. Қандасымыз Тоқтарбекті де жеңген еді. Осылардың барлығын зерттеп, Нұрбекке тапсырма бердік. Қарсыласына шабуылдамай, керек кезде соққы жұмсап отыру керек екенін айттық. Тапсырманы толық орындап шықты.

    Нұрбек біраз жігіттердің кеткен есесін қайтарды деп ойлаймын. Бастысы жеңісті бізге бергеніне қуанамыз. Финалға да жақсылап дайындалып шығамыз. Бар күшін салады", - деді Айтжанов "Хабар" телеарнасына берген сұқбатында.

    Еске салайық, бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов қазақстандық боксшылардың Париж Олимпиадасындағы өнеріне баға берген еді.

    Нұрбек Оралбай жартылай финалда Доминикан Республикасының боксшысы Кристиан Хавьер Пиналеспен кездесті. 80 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (3:2). Енді отандасымыз Нұрбек украиналық Александр Хижняк пен пен кубалық Арлен Лопез жұбының жеңімпазымен Париж Олимпиадасының алтыны үшін жұдырықтасады. Финалдық бәсеке 7 тамызға жоспарланған.

    Мырзағали Айтжанов: Нұрбек қазақстандық боксшылардың есесін қайтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.