jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Париж Олимпиадасы: Әсем Орынбай финалдық кезеңге шыға алмады

    Әсем Орынбай
    Әсем Орынбай. Фото: Olympic.kz

    Әсем Орынбай стенд атудан Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінің екінші күнінде сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық спортшы Әсем Орынбай стенд атудан іріктеудің екінші күнінде өнер көрсетті. Бес кезеңнің нәтижесінде қазақстандық мерген Әсем Орынбай 116 ұпай еншілеп, 18-орынды місе тұтты.

    Әсем Орынбай іріктеудің алғашқы күнінде 67 ұпай жинақтап, 23-орынға тұрақтаған болатын.

    Жалпы есепте үздік нәтиже көрсеткен 6 спортшы финалға шығады. Ал іріктеу сайысында барлығы 29 спортшы қатысқан болатын.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.

    Күні кеше қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов ат снарядында өнер көрсетіп, күміс жүлдені еншілеген болатын.

    Париж Олимпиадасы: Әсем Орынбай финалдық кезеңге шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.