jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері: Хасанбой физикалық тұрғыдан Cәкеннен мықтырақ болды

    Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов
    Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Хасанбой Дусматов пен Сәкен Бибосынов арасындағы жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Бірінші раунд Сәкеннің пайдасына шешілді. Біз мұны түсіндік. Ол ұзын бойлы, физикалық тұрпаты да жақсы. Біз мұның бәрін білдік және оған арнайы дайындалдық. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да, Хасанбой физикалық тұрғыдан мықтырақ болды. Бибосынов салмақ қуады. Ал арық боксшы салмақ тастағанда – ол қатты шаршайды.

    Дусматов бірінші раундта ұтылды, біз оған: "Уайымдама, бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр", - дедік. Сәкен бірінші раундта көп күш жұмсады. Екінші раундта Хасанбой қарқынын арттырып, минималды түрде жеңіске жетті. Үшінші раунд таза Дусматовтың пайдасына шешілді және мен төрешілердің шешіміне күмәнданбадым", - деді Толқын Қылышев.

    Естеріңізге сала кетейік, Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аясында Хасанбой Дусматов пен Сәкен Бибосынов 51 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 1/4 финалдық кезеңде кездесті. Жекпе-жектің нәтижесінде өзбек боксшысытөрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері: Хасанбой физикалық тұрғыдан Cәкеннен мықтырақ болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.