jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Головкин мен Кроуфорд арасында жекпе-жек өте ме: америкалық боксшының бапкері жауап берді

    Боксшы Геннадий Головкин
    Боксшы Геннадий Головкин. Фото: Erick W. Rasco/Sports Illustrated via Getty Images

    Америкалық боксшы Теренс Кроуфордтың (41-0, 31 КО) жаттықтырушысы Брайан Макинтайр Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жекпе-жек өтетіні жайлы тараған ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Теренс Кроуфордтың жаттықтырушысы Брайан Макинтайр Геннадий Головкинмен жекпе-жек өтетіні туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды.
    • Спорт журналисі Люк Томас әлеуметтік желіде Макинтайрдың бұл қауесеттерді "толық қиял" деп атағанын хабарлады.
    • Бұрын Геннадий Головкин мен Теренс Кроуфорд арасындағы жекпе-жек Сауд Арабиясында өтеді деген ақпарат тараған болатын.

    Спорт журналисі Люк Томас әлеуметтік желіде Макинтайрдың сөзін келтіріп, жаттықтырушының бұл қауесеттерді "толық қиял" деп атағанын хабарлады.

    "Дәл қазір Кроуфордтың бапкері "Бомакпен" сөйлестім. Ол Кроуфорд пен GGG арасындағы жекпе-жек туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. "Сайтан алғыр, әрине жоқ", - деді ол маған. Сұқбатты жақын арада жариялаймын", - деп жазды Люк Томас X желісіндегі ресми парақшасында.

    Осыған дейін Геннадий Головкин мен Теренс Кроуфорд арасындағы жекпе-жек өтетіні және бұл кездесу Сауд Арабиясында болатыны туралы ақпарат тараған еді.

    Теренс Кроуфорд соңғы жекпе-жегін 4 тамызда Лос-Анджелесте өткізіп, өзбек боксшысы Исраил Мадримовты (10-1-1, 7 КО) жеңіп, бірінші орта салмақ дәрежесінде WBA титулын жеңіп алған болатын.

    Геннадий Головкин соңғы рет 2022 жылдың қыркүйек айында шаршы алаңға шығып, мексикалық Сауль Канело Альвареске (61-2-2, 39 КО) қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалған болатын. Қазіргі таңда Геннадий Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы қызметін атқарып жүр.

    Головкин мен Кроуфорд арасында жекпе-жек өте ме: америкалық боксшының бапкері жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.