jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Өзбекстанда туған қазақ боксшысы титулды жекпе-жекте жеңіліп қалды

    Хулио Сесар ла Круc пен Мадияр Саидрахимов
    Хулио Сесар ла Круc пен Мадияр Саидрахимов. Скриншот: instagram.com/aiba_official

    IBA чемпиондар түні аясында кубалық Хулио Сесар ла Крус пен Өзбекстандағы этникалық қазақ Мадияр Саидрахимов ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жекпе-жек Куба астанасы Гаванадағы турнирдің басты оқиғасы болды. Екі дүркін Олимпиада, бес дүркін әлем чемпионы Ла Крустың этникалық қазақ Саидрахимовқа қарсы жекпе-жегі 10 раундқа жоспарланған еді. Кездесудің қорытындысы бойынша 35 жастағы кубалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуге ие болды.

    Гаванадағы Чемпиондар түні Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) құрылғанына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

    27 жастағы Мадияр Саидрахимов – 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022 жыл), бүкіләлемдік әскери ойындардың чемпионы (2019 жыл).

    Еске салайық, Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында шетелдегі қазақ спортшылары қандай нәтиже көрсеткенін жазған едік.

    Өзбекстанда туған қазақ боксшысы титулды жекпе-жекте жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.