jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Төрехан Сабырхан бастаған қазақ боксшылары Еуразия кубогында 13 медаль жеңіп алды

    Төрехан Сабырхан
    Төрехан Сабырхан. Фото: instagram/boxingkazakhstan

    Бокстан Қазақстан жастар құрамасы Ресейдің Чита қаласында өткен Еуразия кубогы турнирінде 13 медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    67 кг салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан жеңімпаз атанды. Ал Жансері Көшербаев (57 кг) пен Мадияр Бексұлтанов (80 кг) финалда төрешілер шешімімен жергілікті боксшыларға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

    Cондай-ақ он боксшы қола жүлде еншіледі: 51 кг. Бексұлтан Боранбек, 54 кг. Әділбек Қожахан, 54 кг. Әли Мұрат, 57 кг. Бауыржан Мұратов, 63,5 кг. Асылхан Көшербай, 63,5 кг. Ахмет Үсен, 71 кг. Өнер Сейілхан, 75 кг. Санжарәли Бегалиев, 80 кг. Дамир Синеев, 92 кг. Аслан Елдібайұлы.

    Айта кетейік, бұл жарыс Қазақстан құрамасы үшін қазанда Черногорияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңі болды. Жастар құрамасының аға бапкері қызметін атқарған Қайрат Сәтжанов тамызда ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалған еді. Қазіргі уақытта жастарды Бағдат Оңғарбеков жаттықтырып жатыр.

    Төрехан Сабырхан бастаған қазақ боксшылары Еуразия кубогында 13 медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.