jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әуесқой боксқа оралған қазақстандық былғары қолғап шебері халықаралық турнирде чемпион атанды

    Абылайхан Жүсіпов (оң жақта)
    Абылайхан Жүсіпов (оң жақта). Фото: instagram.com/serik_sapiyev

    Кәсіпқойдан әуесқой боксқа оралған Абылайхан Жүсіпов Грузияда өткен халықаралық турнирде топ жарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Абылайхан Жүсіпов пен басқа да қазақстандық боксшылардың жеңісі туралы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

    "Грузияда әлем және Еуропа чемпионы Георгия Канделакидің жүлдесіне арналған халықаралық турнир аяқталды. Біздің команда сәтті өнер көрсетіп, үш алтын, үш қола медаль жеңіп алды. Абылайхан Жүсіпов үздік боксшы атанды.", - деп жазды Сәпиев.

    Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов – әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021). Ол 2022 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан еді. 27 жастағы боксшы кәсіпқой рингте төрт жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті және үшеуін нокаутпен аяқтаған.

    Жүсіпов биыл шілдеде әуесқой боксқа оралатынын мәлімдеді. Ол KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұқбатында неге мұндай шешім қабылдағанын және жоспарларын айтқан еді.

    Әуесқой боксқа оралған қазақстандық былғары қолғап шебері халықаралық турнирде чемпион атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.