Спорт

Зектілері

"Олар жекпе-жек күнін айтты": Жәнібек Әлімханұлы алдағы кездесуі туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі ресми парақшасында келесі жекпе-жегі туралы жазба қалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі парақшасында алдағы жекпе-жегінің күні белгіленгенін хабарлады.
  • Боксшы қарсыласы мен жекпе-жек туралы толық ақпарат бермеді.
  • Әлімханұлының соңғы жекпе-жегі 2023 жылдың 14 қазанында өтіп, Винченцо Гуальтьериді жеңіп, IBF титулын иеленген.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Х желісіндегі ресми парақшасында алдағы жекпе-жегі туралы пікір білдірген болатын.

"Олар жекпе-жек күнін айтты", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы X желісіндегі парақшасында.

Алайда қазақстандық боксшы келесі қарсыласы мен жекпе-жек туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді. Алайда қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түскен болатын.

Жәнібек Әлімханұлы рингке 2023 жылдың 14 қазанында АҚШ-та өткен кездесуде шыққан болатын. Сол кездесуде Жәнібек Әлімханұлы германиялық боксшы Винченцо Гуальтьериді (22-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңіп, IBF титулын иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2158993-olar-zhekpe-zhek-kunin-aitty-zhanibek-alimhanuly-aldagy-kezdesui-turaly-pikir-bildirdi/