jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Жекпе-жек келесі айда": Жәнібек Әлімханұлының менеджері тосын мәлімдеме жасады

    Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович
    Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович. Фото: instagram.com/toprank

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зелендиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жек өткізбек. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан X желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық боксшының алдағы жекпе-жегі туралы жазды.

    "Құрметті жанкүйерлер! Жақында жекпе-жек, сол үшін дайындықты елде бастап кеттік. Әр күн маңызды! Шетелге барып дайындалып үлгермейміз. Промоутерлік сауданы қарсылас тарап ұтып алғанын білесіздер. Жекпе-жекті келесі айға қойып жатыр. Бұйыртса екі титулды қорғаймыз. Қарсылас сол баяғы Андрей!", - деп жазды Берік Сұлтан.

    Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі керек еді. Алайда қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалғандықтан, кездесу өтпеді.

    Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылы қазанда шаршы алаңға шыққан еді. Ол Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі рекорды – 15-0.

    "Жекпе-жек келесі айда": Жәнібек Әлімханұлының менеджері тосын мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.