21 жеңісі бар қазақстандық кәсіпқой боксшының келесі қарсыласы анықталды
Опубликовано:
Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтың келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
360 Promotions компаниясының хабарлауынша, Әли Ахмедов 20 қыркүйекте Дублинде (Ирландия) жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – франциялық боксшы Пьер Дибомбе. Кездесу 10 раундқа жоспарланған.
Дибомбе – Франция чемпионы және Еуропалық бокс одағының (EBU) жеңімпазы. Оның активінде 22 жеңіс, 1 жеңіліс және 1 тең өткен жекпе-жек бар, 12 кездесуін нокаутпен аяқтаған.
Әли Ахмедов соңғы рет биыл мамырда шаршы алаңға шыққан еді. Ол Детройтта (АҚШ, Мичиган) өткен бокс кешінде коста-рикалық Энкарнасьон Диасты техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ахмедовтың еншісінде 21 жеңіс, 1 жеңіліс бар, 16 қарсыласын нокаутпен ұтқан.
Айта кетейік, Әли Ахмедовтың мүддесін орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинге тиесілі GGG Promotions промоутерлік компаниясы қорғайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2159988-21-zhengisi-bar-qazaqstandyq-kasipqoi-boksshynyng-kelesi-qarsylasy-anyqtaldy/