jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкерлік құрамы жарияланды

    Қайрат Сәтжанов
    Бас бапкер Қайрат Сәтжанов. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы парақшасында ұлттық құраманың жаңа бапкерлік құрамы жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазіргі таңда ұлттық құрамамен Қайрат Сәтжанов бастаған жаңа бапкерлік құрам жұмыс істеп жатыр. Бапкерлік кеңестің шешімімен сапқа бірқатар маман қосылды.

    Қазіргі бапкерлік құрам төмендегідей:

    • Қайрат Сәтжанов – бас жаттықтырушы;
    • ⁠Асқар Еркебаев – аға жаттықтырушы;

    Жаттықтырушылар:

    • ⁠Ілияс Оралбеков;
    • Нұркен Андасов;
    • ⁠Азамат Мақажанов;
    • ⁠Талғатбек Жакпеков;
    • ⁠Нұржан Насанов.

    Cондай-ақ қазір Азия чемпионатына дайындық барысында командаға білікті маман, диетолог-нутрициолог, Александр Усик, Василий Ломаченко, Теофим Лопез, Теренс Кроуфорд және тағы басқа жүзден аса кәсіпқой боксшымен жұмыс істеген Александр Фока көмектесіп жатыр.

    "Айта кетерлігі, жоғарыда көрсетілген бапкерлер тізімі әлі де толықтырылады. Жаңа мамандар бойынша шешім желтоқсанда өтетін Қазақстан чемпионатынан кейін қабылданбақ. Оған қоса қазіргі уақытта бірқатар шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жақын арада есімдері белгілі болады", - делінген бокс федерациясының хабарламасында.

    Айта кетейік, қазақстандық боксшылар жаңа бас бапкердің жетекшілігімен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкерлік құрамы жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.