jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Головкиннің командасындағы қазақстандық боксшы 22-рет жеңіске жетті (видео)

    Әли Ахмедов
    Әли Ахмедов. Фото: instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

    Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов франциялық спортшы Пьер Дибомбеден басым түсіп, кәсіби мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қос боксшы Дублинде (Ирландия) өткен турнирде жұдырықтасты. Олардың кездесуі екінші орта салмақ дәрежесінде өтті (76,2 килограмға дейін).

    Жекпе-жек он раундқа созылды. Сегізінші раундта Ахмедов нокдаун алып қалды. Десе де қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсті (102-107, 106-103, 105-104).

    Осылайша Геннадий Головкинге тиесілі GGG Promotions промоутерлік компаниясының өкілі қатарынан алтыншы рет жеңіске жетті. 29 жастағы Ахмедовтың активінде 22 жеңіс (16-сы нокаутпен) пен бір жеңіліс бар.

    Әли жыл басталғалы осымен үшінші рет жекпе-жек өткізді. Сәуірде венесуэлалық Карлос Ривераны нокаутқа жіберсе, мамырда Коста-Рика боксшысы Энкарнасьон Диасты мерзімінен бұрын жеңген болатын.

    Дибомбе де кәсіпқой рингте 22 рет жеңіске жеткен (12-cі нокаутпен). Сонымен бірге 32 жастағы француз соңғы екі жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Ол Ахмедовтен жеңілгенге дейін өзбекстандық Олимпиада жүлдегері Бектемир Меликузиевке есе жіберген болатын.

    Головкиннің командасындағы қазақстандық боксшы 22-рет жеңіске жетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.