Спорт

Зектілері

Данияр Елеусінов маңызды кездесу қарсаңында қарсыласымен көз түйістірді (фото)

Жарияланған күні:

Джо Нойнай мен Данияр Елеусінов
Джо Нойнай мен Данияр Елеусінов. Фото: instagram.com / all.stars.boxing.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов пен филиппиндік Джо Нойнай кездесу қарсаңындағы баспасөз конференциясында көз түйістірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпион Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) 28 қыркүйекте Алматыда All Stars Boxing кешінде филиппиндік Джо Нойнайға (23-4-2, қарсы 11 КО) кездесу өткізеді.

Қос боксшы кездесу қарсаңындағы баспасөз конференциясында көз түйістірді. Сондай-ақ аталмыш бокс кешінде өнер көрсететін боксшылар да баспасөз конференциясына қатысты. Олардың қатарында ММА файтерлері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов те бар.

Сондай-ақ Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінің қарсаңында қалай дайындалып жатқанын көрсеткен болатын.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсанында Астанада аргентиналық Хуан Герман Лилмен өткізіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақта IBO титулын иеленген болатын. Осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2166232-daniiar-eleusinov-mangyzdy-kezdesu-qarsangynda-qarsylasymen-koz-tuiistirdi-foto/