jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

    Қуат Хамитов
    Қуат Хамитов. Фото: vk.com/rcc_mma

    Алматыдағы бокс кешінде ММА файтерлері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 28 қыркүйекте Алматыда All Stars Boxing кешінде қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов кездесті.

    6 раундқа жоспарланған бұл кездесуде Қуат Хамитов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Бокс кешінің басты оқиғасы Данияр Елеусінов пен филиппіндік боксшы Джо Нойнай арасындағы жекпе-жек болады.

    Еске салайық, Қуат Хамитов 11 мамырда RCC 19 турнирінде ресейлік файтер Александр Шлеменкомен жекпе-жекке шыққан еді. Кездесу орта салмақ дәрежесінде (83,9 кг) өтті және үш раундқа созылды. Бұл бәсекеде қазақстандық файтер төрешілердің шешімімен есе жіберген болатын.

    Ал Нұрберген Шәріпов ММА-де 15 жекпе-жек өткізіп, 11 жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліс тапқан. Бір мәрте тең нәтиже тіркеген.

    Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.