jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Залдан қашып, қайтып келмеуі мүмкін": Василий Жиров боксшыларға қалай жаттығу керегін айтты

    Василий Жиров
    Василий Жиров. Фото: youtube.com/@birinshibol

    1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров YouTube желісіндегі "Бірінші бол" арнасына берген сұқбатында қазақстандық боксшылардың қандай қабілеттерін жетілдіру қажет екенін айтып, оларды көмектесуге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Бұл үшін арнайы жаттығулар бар. Мен оларды көрсете аламын, өйткені өзім дәл сол жаттығуларды жасағам. Кәсіби боксшы болған кезімде маған кейбір маңызды сәттерді үйретті, оларды мен өз тәжірибеме жинақтап алдым. Егер қажет болса, мен бұл жаттығуларды көрсетіп, түсіндіріп бере аламын.

    Бірақ мұндай жаттығуларға көп боксшы шыдай алмайтынын да айта кету керек – біразы залдан қашып, қайтып келмеуі де мүмкін. Мұндай дайындыққа эмоционалды түрде дайын емес адамдар бар. Алайда егер адамды дұрыс ойлауға үйретсең, оны дұрыс бағыттасаң, жақсы боксшыны чемпионға айналдыруға болады. Ең бастысы – соңына дейін күресуге дайын болу. Бұл жерде өте маңызды нәрсе – сенің эмоционалдық дайындығың. Егер дайын болмасаң, онда сен шаршы алаңда ештеңе істей алмайсың. Физикалық дайындық белгілі бір шекке дейін жетеді, ал эмоциялар адамды ұзақ уақыт бойы ұстап тұрады", - деді Василий Жиров.

    Айта кетейік, биыл Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылар жеті салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Боксшылардың ішінен тек Нұрбек Оралбай ғана 80 кг дейінгі салмақта күміс медаль алып, жүлдеге ие болды.

    "Залдан қашып, қайтып келмеуі мүмкін": Василий Жиров боксшыларға қалай жаттығу керегін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.