Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз түйістірді (видео)

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович
Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович. Фото: instagram/toprank

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 4 қазанда болатын жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жәнібек Әлімханұлының салмағы 72,38 кг көрсетсе, қарсыласы одан сәл ғана ауыр болды – 72,54 кг. IBF талабы бойынша қазақ боксшысы 4 қазанда таңертең тағы бір рет салмақ өлшеу рәсімінен өтеді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұл күні Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасады. Жекпе-жекте Жәнібек өзінің қос белбеуін қорғамақ.

Қос боксшы биыл шілдеде АҚШ-та кездесуі керек болатын. Алайда Әлімханұлы салмақ қуу кезінде есінен танып қалып, ауруханаға түскен. Оның бұл әрекетін Михайлович командасы ұзақ уақыт айыптады.

Жәнібектің қарсыласы 25 жастағы Андрей Михайлович кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған 21-0, 13 KO. Қазір Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3-орында тұр.

Михайлович егіздің сыңары, Ресейде туған. Оны бала кезінде жаңазеландиялық отбасы асырап алған. 15 жасында бокс бапкері Айзек Пичпен кездесіп, өмірін түбегейлі өзгертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2169130-zhanibek-alimhanuly-salmaq-olsheu-rasiminen-aman-esen-otti-video/