jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Махмұд Сабырхан 57 кг салмақ дәрежесінің финалында ойсырай жеңілді

    Махмұд Сабырхан
    Махмұд Сабырхан. Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

    Бүгін, 4 қазанда Шымкентте Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінің финалдық жекпе-жектері өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінің 57 кг салмақ дәрежесінің финалында Махмұд Сабырхан мен Оразбек Асылқұлов қолғап түйістірді. Шымкентте өткен тартысты финалда Оразбек Асылқұлов Париж Олимпиадасының қатысушысы Махмұд Сабырханды 4:1 есебімен жеңді.

    Ал финал жарыстарының алғашқы жекпе-жегінде 51 кг салмақ дәрежесінде Дамир Әбдіқадыр Даниял Сәбиттен басым түсіп, Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

    Бүгін, 4 қазанда Шымкентте Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінің финалдық жекпе-жектері өтеді:

    • 48 кг: Санжар Тәшкенбай – Теміртас Жүсіпов (Санжар Тәшкенбай жарақатына байланысты жекпе-жекке қатыспайды);
    • 51 кг: Дамир Абдыкадыр – Даниял Сәбит;
    • 54 кг: Сәкен Бибосынов – Нұрсұлтан Алтынбек (Сәкен Бибосынов жарақатына байланысты жекпе-жекке шықпайды);
    • 57 кг: Оразбек Асылқұлов – Махмұд Сабырхан;
    • 60 кг: Серік Теміржанов – Бейбарыс Жексен;
    • 63,5 кг: Ертуған Зейнуллин – Жандос Қыдырәлі;
    • 67 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Илья Калинин;
    • 71 кг: Сабыржан Аққалықов – Абылайхан Жүсіпов;
    • 75 кг: Диас Молжігітов – Нұрқанат Райыс;
    • 80 кг: Ерасыл Жақпеков – Никита Засенок (Украина);
    • 86 кг: Бекзат Нұрдәулетов – Темірлан Мұқатаев;
    • 92 кг: Сағындық Тоғамбай – Абзал Құттыбеков;
    • +92 кг: Айбек Оралбай – Нұрлан Сапарбай.

    Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер Астана уақыты бойынша 12:00-де басталды. Турнирдің қорытындысы бойынша жаттықтырушылар штабы алдағы ірі жарыстарға құрамды жасақтайтын болады.

    Махмұд Сабырхан 57 кг салмақ дәрежесінің финалында ойсырай жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.