Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарсыласын 4-5 рет тістеп алды": аргентиналық боксшы қыз Ангелина Лукасты "алаяқ" деп айыптады

Жарияланған күні:

Ангелина Лукас
Ангелина Лукас. Фото: Instagram/angelina_lukas1997

Кеше, 6 қазанда 10 раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде қазақ спортшысы Ангелина Лукас төрешілер шешімімен жеңімпаз атанды. Ол аса жеңіл салмақта IBO чемпиондық белбеуін еншіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

IBO чемпиондығы үшін болған жекпе-жекте қазақстандық боксшы Ангелина Лукастан (11-1, 5 КО) жеңіліп қалған аргентиналық Дебора Лопес (21-3-1, 1 КО) әділетсіздікке тап болғанын мәлімдеді.

"Мені қолдағандарға, маған сенгендерге және жеңгенімді айтып хабарлама жазып жатқандардың бәріне алғыс айтамын. Мен бақыттымын, біз бақыттымыз. Біз жеңгенімізді көріп отырмыз және содан ләззат алдық. Ал олар алаяқтыққа барды, қолғабын ауыстырып, тағы біраз әрекет істеді. Олар менің жеңісімді ұрлады. Бірақ біз атқарылған жұмысқа көңіл толатынын айтқымыз келеді. Сондықтан қолдау үшін баршаңызға тағы да алғыс айтамын. Құдай қаласа, желтоқсанда АҚШ-та жекпе-жек өткіземін", - деп мәлімдеді Лопес жекпе-жектен кейін.

Бокс туралы жазатын Х желісіндегі Tim Boxeo парақшасы да Лукастың лас жұдырықтасқанын жазған болатын. Ол қазақстандық боксшы қыздың қарсыласын 4-5 рет тістеп алғанын, бірнеше рет желкеден ұрғанын айтты.

"Қатыгез әрі ұсқынсыз жекпе-жек. Төрешілердің ресми ұпайы: 97-92, 95-94, 95-94. Лопестен алтыншы раундта желкеден ұрғаны үшін бір ұпай алынды. Осы уақыт аралығында Лукас қарсыласын ұстап алып, желкесінен ұрды және кем дегенде Лопесті 4-5 рет тістеп алды, алайда айқас соңында одан бірде-бір ұпай алынған жоқ", - деп жазды автор.

Айта кетейік, Ангелина Лукас Бангкокта өткен кәсіпқой бокс кешінде аргентиналық спортшы Дебора Лопесті төрешілер шешімі бойынша жеңіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2170884-qarsylasyn-4-5-ret-tistep-aldy-argentinalyq-boksshy-qyz-angelina-lukasty-alaiaq-dep-aiyptady/