jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Не жаңалық": Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне байланысты жаңалықтарды асыға күтуде

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

    WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне байланысты жаңалықтарды асыға күтуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кеше, 9 қазанда бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық атағын британиялық Хамза Ширазқа қарсы қорғайтынын ресми түрде мәлімдеген еді. Екі тарапқа келіссөздер жүргізу үшін 15 күн уақыт берілген.

    WBO-ның бұл жаңалығынан кейін Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі ресми парақшасында: "Не жаңалық?" - деген сұрақпен пост жариялады. Бұл пост жанкүйерлердің қызығушылығын одан әрі арттырды.

    Еске салайық, 4 қазанда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңіп, IBF және WBO чемпиондық атақтарын қорғаған болатын.

    "Не жаңалық": Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне байланысты жаңалықтарды асыға күтуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.