jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қайрат Сатжанов: Бокстағы төрешілердің әділ болғанын қалаймыз

    Қайрат Сәтжанов
    Қайрат Сәтжанов. Фото: ҚБФ

    Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов YouTube желісіндегі "Бірінші бол" арнасына берген сұқбатында төрешілердің әділдігіне қатысты мәселеге пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қайрат Сәтжанов кей жарыстарда боксшылар мен жанкүйерлердің төрешілерге көңілі толмай жататынын тілге тиек етті. Бірақ ол өз шәкірттерін ештеңеге алаңдамай, тек мықтылығын дәлелдеу тырысу қажет екенін айтады.

    "Иә, оны да жігіттерге айтып жатырмыз. Ештеңеден қорықпаңдар дедік. Шынында да таза жеңіс болады. Былай қарасаңыздар, кейде басқа жарыстарға барғанда төреші көмектесті деп айтып жатады. Біз төрешілердің әділ болғанын қалаймыз. Сондықтан құрамадағы әр спортшыға жарыстың таза болатынын айттық.

    Өзбек құрамасын алатын болсақ, оларға біреу бірнәрсе алып берді деп айта алмаймын. Бес чемпион болса бесеуі де физикалық, техникалық жағынан мықты. Оларға біреу алып берді деу өтірік болады. Сондықтан ең бірінші біз өзіміз мықты болуымыз керек. Рингке шығып, жеңу керек. "Менің қолымды көтере ме, ананың қолын көтере ме?" деп тұрмау керек", - деді Қайрат Сәтжанов.

    Айта кетейік, 16 тамызда Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Сол уақыттан бері ұлттық құрамамен бірнеше оқу-жинын өткізіп үлгерді.

    Қайрат Сатжанов: Бокстағы төрешілердің әділ болғанын қалаймыз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.