jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Головкин Қазақстан боксшыларын Азия чемпионатына дайындау үшін өзінің бапкерін шақырды

    Кристофер Камачо
    Кристофер Камачо. Фото: instagram.com/olympickz

    Геннадий Головкиннің жеке бапкерлерінің бірі, америкалық бапкер Кристофер Камачо енді Қазақстан құрамасын жаттықтырады. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді.

    Бокстан ерлер арасындағы Қазақстан командасы Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатына дайындықты бастады. Біріншілік 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтеді.

    "Оқу-жаттығу жиынына ҰОК президенті Геннадий Головкиннің шақыртуымен физикалық дайындықтан америкалық бапкер Кристофер Камачо тартылған.

    Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына көмектесіп, боксшыларды құрлықтық біріншілікке дайындайды", - делінген хабарламада.

    Айта кету керек, Кристофер Камачо көптеген жыл бойы кәсіби рингтегі түрлі жекпе-жегі алдында Геннадий Головкиннің жаттығу лагерьлеріне қатысқан.

    Сонымен бірге ол танымал ММА спортшылары Хабиб Нурмагомедов, Дэниал Кормье, Кейн Веласкес, Люк Рокхолдпен жұмыс істеген.

    Головкин Қазақстан боксшыларын Азия чемпионатына дайындау үшін өзінің бапкерін шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.