Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Top Rank басшысы Боб Арум журналист Дэн Рафаэлге берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еске салайық, Сиднейдегі кеште Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңді. Артынша WBO жерлесімізге жаңа қарсылас тауып берді.

Жәнібектің командасы британиялық Хамза Ширазбен келіссөз жүргізіп жатыр. Промоутер Боб Арум Дэн Рафаэльге берген сұқбатында боксшылар қай уақытта шаршы алаңға шығатынын айтты.

Маман Ширазбен келіссөздердің сәтті өтіп жатқанына сенімді. Арумның өзі британиялықтың промоутері Фрэнк Уорренмен жақсы таныс. Top Rank басшысының сөзіне қарағанда, Әлімханұлының атағын қорғайтын күн ақпан айында өтеді. Боб Арум бұл жекпе-жек Джошуа мен Дюбуа арасындағы реванш аясында өтуі мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осылайша Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз 22 ақпан күні Эр-Риядта жұдырықтасуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2176844-zhanibek-alimhanulynyng-kelesi-zhekpe-zhegi-qashan-otetini-anyqtaldy/