jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Кәсіпқой боксқа ауысқан тағы бір қазақ боксшысы ұлттық құрамаға оралды

    Әбілхан Аманқұл
    Әбілхан Аманқұл. Фото: instagram.com/amankul.abilkhan

    Кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл (4-0-1, 4 KO) бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы сапына оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық спортшы Әбілхан ұзақ уақыттан бері жекпе-жекке шықпағанын айтты. Енді бағын әуесқой бокста қайта сынап көрмек.

    "Кәсіпқой бокста болдым. Бірақ ол жақта бір жарым жылдай жекпе-жек болмады. Жаттығу жасап жүрдім. Соңғы екі ай демалып, енді міне, ұлттық құрамамен бірге жаттығып жатырмын. Қазақстан чемпионатынан бастасам деген ойым бар", - деді боксшы.

    Айта кетейік, 27 жастағы Аманқұл әлем чемпионатының және Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері. Әбілхан 2022 жылдан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін кәсіпқой бокстан 5 жекпе-жек өткізіп, төртеуін жеңді (бәрін нокаутпен), біреуінде тең ойнады.

    Кәсіпқой боксқа ауысқан тағы бір қазақ боксшысы ұлттық құрамаға оралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.