jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Рамзан Қадыров Биволды жеңген боксшыға автокөлік сыйлап, құрметті азамат атағын берді

    Рамзан Қадыров пен Артур Бетербиев
    Рамзан Қадыров пен Артур Бетербиев. Фото: instagram.com/arturbeterbiev

    Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров былғары қолғап шебері Артур Бетербиевке кәсіпқой бокстағы жеңісі үшін сыйлық жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров боксшы Артур Бетербиевке республиканың құрметті азаматы атағын берді. Сондай-ақ Рамзан Қадыров былғары қолғап шеберіне бокстың дамуына қосқан үлесі үшін автокөліктің кілтін табыстады.

    "Дүйсенбінің кешінде Мәскеуден әлемнің ең үздік боксшыларының бірі, жартылай ауыр салмақта абсолют әлем чемпионы Артур Бетербиевпен бірге ұшып келдім. Артур Бетербиевтің жеңісі мен осындай биік атақты иеленуі Шешенстанның тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жанкүйер үшін де үлкен сый болды.

    Мен Артур Бетербиевке "Шешенстанның құрметті азаматы" атағын беріп, оған автокөліктің кілтін табыс етуге қуаныштымын. Біз сенімен мақтанамыз, бауырымыз", - деп жазды Рамзан Қадыров Telegram желісіндегі ресми арнасында.

    Артур Бетербиевтің құрметіне салтанат сарайында арнайы кешкі ас ұйымдастырылып, онда ерекше құттықтаулар мен жылы лебіздер айтылды.

    Айта кетейік, 12 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен жекпе-жекте Артур Бетербиев төрешілердің бірыңғай шешімімен (114-114, 115-113, 116-112) Дмитрий Биволды жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды.

    Рамзан Қадыров Биволды жеңген боксшыға автокөлік сыйлап, құрметті азамат атағын берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.