jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шетелдік танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлының мүмкіндігін жоғары бағалады

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

    Британиялық боксшы Дензел Бентли бұрынғы қарсыласы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының өз дивизионындағы барлық титулды жеңіп алуға қауқарлы екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Жәнібек дивизиондағы барлық белдікті иемденіп, абсолют әлем чемпионы атана алады. Бірақ мен оны шыңдалып жатыр деп ойламаймын. Шынымды айтсам, қазір жалпы орта салмақта мүмкіндік көп, алайда бұл дивизионның көшбасшысы Жәнібек екені айқын. Жәнібекте төрт белдіктің екеуі бар. Бірақ орта салмақ бос тұр", - деді Дензел Бентли Boxingscene.com сайтына берген сұқбатында.  

    WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы доминикандық Карлос Адаместе, ал WBA нұсқасы бойынша белдік кубалық боксшы Эрисланди Лараның еншісінде.

    Айта кетейік, 2022 жылы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) британиялық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) 12 раундтық жекпе-жек өткізген еді. Төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіс Жәнібек Әлімханұлына берілді.

    Еске салайық, 4 қазанда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңіп, IBF және WBO чемпиондық атақтарын қорғаған болатын.

    Шетелдік танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлының мүмкіндігін жоғары бағалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.