jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық 18 боксшы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

    Төрехан Сабырхан
    Төрехан Сабырхан. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық 18 боксшы жұдырықтасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ерлер арасында ширек финалда қазақстандық 8 боксшы бақ сынайды. Олар: Диас Берікбай (48 кг), Бексұлтан Боранбек (51 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), Расул Асанханов (92 кг) және Аслан Елдібайұлы (92+ кг).

    Ал әйелдер арасында Қазақстан құрамасынан келесі кезеңге 10 боксшы жолдама алды. Атап айтқанда, Әнел Абдрасилова (48 кг), Елянур Турганова (50 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жанабаева (63 кг), Ұлдана Таубай (66 кг), Мария Сидоренко (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг), Аружан Зейноллаева (81 кг) және Панар Сейітханқызы (81+ кг) жарысты жалғастырады.

    Еске салайық, АҚШ-тың Колорадо штатында World Boxing қауымдастығы ұйымдастырып жатқан жастар арасындағы (U-19) әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар Ерасыл Аманғалиев пен Асылхан Көшербай алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген еді.

    Қазақстандық 18 боксшы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.