jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    World Boxing әлем чемпионаты: қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды

    Диас Серікұлы
    Диас Серікұлы. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Қазақстандық боксшы Диас Серікұлы АҚШ-тың Пуэбло қаласында World Boxing ұйымдастырып жатқан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    World Boxing ұйымдастырып жатқан жастар арасындағы (U19) әлем чемпионатының ширек финалдық кезеңінде 70 кг дейінгі салмақта Диас Серікұлы аустралиялық Дияншу Редхуға төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіліс тапты.

    Диас Серікұлы бірінші раундта жеңіске жеткенімен, келесі екі раундта қарсыласына жол берді. Сондай-ақ үшінші раундта төреші Диас Серікұлының бір ұпайын шегеріп тастады.

    Естеріңізге сала кетейік, жарыстың алғашқы күні Диас Серікұлы (70 кг) Алжир боксшысынан басым түссе, екінші күні Ерасыл Аманғалиев (55 кг) пен Асылхан Көшербай (65 кг) чехиялық қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңді.

    Енді Ерасыл Аманғалиев пен Асылхан Көшербай ширек финалда америкалық боксшылармен кездеседі.

    Ал Даниял Райымбеков (85 кг) жеребе бойынша жарысты бірден жартылай финалдан бастайды. Алғашқы жекпе жегінде ол Оңтүстік Корея боксшысымен шеберлік байқасады.

    Айта кетейік, World Boxing ұйымдастыруымен алғаш рет өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты 2 қарашаға дейін жалғасын табады. Әлем чемпионатына 30 елден 180 боксшы бақ сынауда.

    World Boxing әлем чемпионаты: қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.