jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    29 қазан – Қазақстан бокс күні

    Данияр Елеусінов
    Данияр Елеусінов. Фото: Stephen McCarthy / Sportsfile via Getty Images

    Бүгін, 29 қазан – Қазақстан бокс күні. Осыған орай бірақатар қазақстандық боксшы құттықтау тілектерін айтып, аталмыш мерекенің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Осы атаулы күнге орай 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сапиев, 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит құттықтау тілектерін жолдады.

    "Бокс ардагерлерін, жаттықтырушыларын, спортшылар және жанкүйерлерді құттықтаймыз! Отандық бокста тарихи жеңістер көп болсын! Осы салада жылдар бойы еңбектеніп келе жатқан барлық маманға маңдай тер ақталып, басты мақсатқа жетуді тілейміз", - делінген Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

    Айта кетейік, тәуелсіздік алғаннан бері қазақстандық боксшылар қатысқан 8 Олимпиада ойындарында 7 алтын, 9 күміс, 13 қола медаль еншілеген.

    Ал биыл Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Ерлер арасында Нұрбек Оралбай күміс медаль еншілесе, әйелдер арасында Назым Қызайбай қола медаль иеленді.

    29 қазан – Қазақстан бокс күні

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.