jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Төрехан Сабырхан және тағы 7 қазақ боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

    Төрехан Сабырхан
    Төрехан Сабырхан. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалдың алғашқы күні аяқталды. Қазақстандық 8 боксшы келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ширек финалдың бірінші күні шаршы алаңға 9 қазақстандық боксшы шықты. Оның сегізі жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

    Ерлер құрамасынан Диас Берікбай (48 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг) және Расул Асанханов (-92 кг) енді финалға жолдама алу үшін жұдырықтасады.

    Қыздар құрамасынан тек 70 кг салмақта сынға түскен Мария Сидоренко жеңілді. Ал Әнел Абдрасилова (48 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жаңабаева (63 кг) және Аружан Зейноллаева (81 кг) жартылай финалда бақ сынайды.

    Бүгін, 30 қазанда ширек финалдың екінші күні болады. Ерлер құрамасынан Бексұлтан Боранбек (51 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Өнер Сейілхан (71 кг) және Аслан Елдібайұлы (+92 кг) сынға түседі. Ал қыздар құрамасынан Елянур Турганова (50 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Ұлдана Таубай (66 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Панар Сейітханқызы (+81 кг) жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

    Еске салайық, Черногориядағы жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына қазақстандық 18 боксшы (8 ұл, 10 қыз) шыққан еді.

    Төрехан Сабырхан және тағы 7 қазақ боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.