Спорт

Зектілері

"Жүлде қоры – 500 мың доллар": әлем чемпионатында жүлделі болған қазақ боксшыларына қанша сыйақы беріледі

Жарияланған күні:

Қазақ боксшысы
Қазақ боксшысы. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлде қоры – 500 мың доллар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған әлем біріншілігінің ширек финалистері 1000 доллар, қола жүлдегерлері 2000 доллар, күміс жүлдегерлер 4000 доллар, алтын медаль иегерлері 8000 доллар сыйақы алады.

"Біздің барлық әрекетіміз боксшыларды қолдауға бағытталған. Жүлде қорына қатысты шешіміміз оған тағы бір дәлел. Біз орындалмайтын уәделер бермейміз және мен IBA әрқашан спортшылардың мүддесін бірінші орынға қоятын жетекші ұйым екенін мақтан тұтамын", - деді IBA-ның бас хатшысы Крис Робертс.

Айта кетейік, Черногориядағы әлем чемпионатында 29-30 қазан аралығында ширек финалдық жекпе-жектер өтсе, жартылай финал 31 қазанда, ал финал 2-3 қарашада болады.

Ширек финалға 43 елдің боксшылары шыққан. Бұл кезеңге өткен спортшылары көп елдер арасында Өзбекстан (19), Қазақстан (18), Ресей (16), Қытай (13), Румыния (11), Польша (10) бар.

Еске салайық, ширек финалдың алғашқы күні қазақстандық тоғыз боксшы сынға түсіп, оның сегізі келесі кезеңге жолдама алған еді. Бүгін, 30 қазанда тағы тоғыз былғары қолғап шеберіміз бақ сынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2180472-alem-chempionatynda-zhulde-zhenggen-qazaq-boksshylaryna-qomaqty-syiaqy-beriledi/