jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Сен қорқып жүрсің": Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионын келемеждеді

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері доминикандық Карлос Адамеске үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жақында Карлос Адамес Х желісіндегі ресми парақшасында промоутерлерге өзіне Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жек ұйымдастыруды сұрап жазба қалдырған еді.

    Сондай-ақ қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы қарсыласының бұл мәлімдемесіне жауап берді

    "Карлос, сен қайдасың? Бәріміз сенің қайда екеніңді білеміз! Сен қорқып жүрсің!", — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі ресми парақшасында.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлының командасы WBO ұйымының міндетті үміткері британиялық Хамза Ширазға қарсы жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

    Еске салайық, 4 қазанда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңіп, IBF және WBO чемпиондық атақтарын қорғаған болатын.

    "Сен қорқып жүрсің": Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионын келемеждеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.