jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Екі қазақ боксшысы World Boxing әлем чемпионатының алтыны үшін таласады

    Асылхан Көшербай
    Асылхан Көшербай. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Қазақстандық боксшылар Асылхан Көшербай мен Даниял Райымбеков World Boxing ұйымы алғаш рет өткізіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    65 кг дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы Асылхан Көшербай жартылай финалдық бәсекеде украиналық Максим Ниженскиймен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы Асылхан Көшербай төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Асылхан Көшербайдың ақтық сындағы қарсыласы Аустралия боксшысы болмақ.

    Тағы бір қазақстандық боксшы Даниял Райымбеков (85 кг) жартылай финалда Оңтүстік Корея боксшысы Шин Минсеуннен басым түсті. Енді ол ақтық сында Уэльс спортшысымен шеберлік байқасады.

    Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері 2 қараша өтеді.

    Бұған дейін жұдырықтасқан Ерасыл Аманғалиев (55 кг) пен Диас Серікұлы (70 кг) ширек финалда сүрініп қалған болатын.

    Айта кетейік, World Boxing ұйымдастыруымен алғаш рет өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты 2 қарашаға дейін жалғасады. Әлем чемпионатына 30 елден келген 180 боксшы бақ сынауда.

    Екі қазақ боксшысы World Boxing әлем чемпионатының алтыны үшін таласады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.