jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қытайдағы қазақ боксшысы әлем чемпионатында қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

    Дина Санатбек
    Дина Санатбек. Фото: instagram.com/kazhenov.aslan

    Бокстан Қытай құрамасындағы қазақ қызы Дина Санатбек Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Дина Санатбек әлем біріншілігінде 66 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатыр. Ол ширек финалда Оңтүстік Африкадағы Лесото мемлекетінің спортшысы Рейтуметсе Мокомамен жұдырықтасты. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді. Бірақ Дина екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

    Боксшы шаршы алаңға шығар алдында журналист Аслан Қаженовпен аз-кем әңгімелесіп, өзінің қазақ екенін айтқан.

    Дина Санатбек Будва бәсекесіндегі алғашқы жекпе-жегінде венесуэлалық Лорен Акостаны сенімді түрде ұтқан болатын.

    Айта кетейік, әлем чемпионатының жартылай финалына қазақстандық 17 боксшы жолдама алды. Осылайша Қазақстан құрамасы 17-18 жас санатындағы әлем біріншілігінің жартылай финалистер саны бойынша өз рекордын жаңартты.

    Жарыстың жалпы жүлде қоры – 500 000 АҚШ доллары. Жеңімпаздарға 8000 доллар, күміс жүлдегерлерге 4000 доллар, қола жүлдегерлерге 2000 доллар, ширек финалистерге 1000 доллар сыйақы беріледі.

    Қытайдағы қазақ боксшысы әлем чемпионатында қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.