jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Жеңіске жету үшін аз": Ермахан Ибраимов қазақстандық жас боксшылардың өнерін бағалады

    Ермахан Ибраимов
    Ермахан Ибраимов. Фото: youtube.com/@ruslansport

    2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Черногорияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатынында сынға түсіп жатқан боксшылардың аяқ алысы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Жастар арасындағы әлем чемпионатында біздің 3 қызымыз бен 4 ұлымыз финалға шықты. Боксшыларымыз тағы қоса түссе екен деген ой да болды. Дегенмен біздің боксшыларымыздың бәріне де ризамын. Барын салды, бірақ жеңіске жету үшін бұл жеткіліксіз болды. Әлем чемпионаты аяқталған соң барлық мәселені талқылайтын боламыз. Алдағы жарыстарға бұл үлкен дайындық болады.

    Сондай-ақ жастарға көбірек физикалық тұрғыда жұмыс істеуі керек. Егер физикалық күшіңіз мығым болса, тактика мен техниканы орайластырып құруға болады. Бұл нәрсе боксшыларымызға 3 раунд бойы жақсы өнер көрсетіп шығуға мүмкіндік береді", - деді Ермахан Ибраимов.

    Айта кетейік, Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында Қазақстан намысын 7 боксшы қорғайды. Финалдық жекпе-жектер 2-3 қараша аралығында өтеді.

    "Жеңіске жету үшін аз": Ермахан Ибраимов қазақстандық жас боксшылардың өнерін бағалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.