jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Төрехан Сабырхан кубалық боксшыны жеңіп, әлем чемпионы атанды

    Боксшы Төрехан Сабырхан
    Боксшы Төрехан Сабырхан. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Төрт дүркін Азия чемпионы Төрехан Сабырхан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Төрехан Сабырхан Будвада (Черногория) өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында кубалық Давид Эспиноcа Сантоямен жұдырықтасты. 67 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, чемпион атанды. Бұл жеңісі үшін оған ұйымдастырушылар тарапынан 8000 доллар (3,9 млн теңге) сыйақы беріледі.

    Төрехан Будва бәсекесіндегі алғашқы жекпе-жегінде ауғанстандық Самир Хамдамды ұтса, ширек финалда өзбек боксшысы Акбар Ахмадовтан басым түсті. Ал жартылай финалда қытайлық Хаошэн Чжанды сенімді түрде жеңіп, ақтық сынға жолдама алған болатын.

    Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы атанған Қазақстан тарихындағы тұңғыш боксшы.

    Осыған дейін Будвадағы әлем чемпионатының жартылай финалында 10 қазақстандық боксшы жеңіліп, қола жүлде иеленген еді. Ұлдар арасында Диас Берікбай (48 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Расул Асанханов (92 кг), Аслан Елдібайұлы (92+ кг), ал қыздар арасында Әнел Әбдрасілова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жанабаева (63 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Панар Сейтханқызы (81+ кг) үшінші орын алды.

    Төрехан Сабырхан кубалық боксшыны жеңіп, әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.