Қазақстандық боксшы Аружан Зейноллаева жастар арасында әлем чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Аружан Зейноллаева Будвада (Черногория) өтіп жатқан әлем біріншілігінің 81 кг салмақ дәрежесіндегі финалында жұдырықтасты. Ол өзбек боксшысы Рухшона Паприевамен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы алтын жүлдесі үшін ұйымдастырушылар тарапынан 8000 доллар (3,9 млн теңге) сыйақы алады.
Осыған дейін Будвадағы әлем біріншілігінде Төрехан Сабырхан мен Санжарәлі Бегалиев чемпион атанды. Қазір Қазақстан қоржынында 10 қола, 3 алтын жүлде бар.
Айта кетейік, Аружан Зейноллаева жартылай финалда польшалық Юлия Ханнаны ұтып, Қазақстан құрамасынан алғаш болып финалға шыққан болатын.
Зейноллаева биыл мамырда Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль еншілеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2182163-boksshy-aruzhan-zeinollaeva-alem-chempionatynda-altyn-medal-enshiledi/