Спорт

Зектілері

World Boxing ұйымдастырған алғашқы жарыста Қазақстан қанша медаль еншіледі

Жарияланған күні:

Қазақстандық боксшы рингте
Қазақстандық боксшы рингте. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшылар World Boxing ұйымдастырған алғашқы әлем чемпионатында 2 күміс медаль иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әлем біріншілігі 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтті. Бұл жарыста Қазақстан намысын Ерасыл Аманғалиев (55 кг), Асылхан Көшербай (65 кг), Диас Серікұлы (70 кг) және Даниял Райымбеков (85 кг) қорғады. Олардың ішінде Асылхан мен Даниял ғана финалға өтіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Даниял Райымбеков ақтық сында Уэль спортшысы Томас Дэниэл Питтпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіліп, күміс медаль еншіледі. Ал Асылхан Көшербай аустралиялық Купер Макконалмен алтын жүлдеге таласты. Бірақ ол қарсыласына 2:3 есебімен жол беріп, Қазақстан қоржынына екінші күмісті салды.

Айта кетейік, 26 қазан мен 2 қараша аралығында өткен турнирге әлемнің 30 елінен 180-ге жуық боксшы қатысқан.

World Boxing – 2023 жылдың сәуірінде құрылған халықаралық бокс ұйымы. Қазір оның құрамында 51 елдің федерациясы бар. Биыл қыркүйекте Қазақстан бокс федерациясы World Boxing қатарына қосылу үшін ресми өтініш берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2182593-world-boxing-uiymdastyrgan-algashqy-zharysta-qazaqstan-qansha-medal-enshiledi/