Өзбекстанның бокс федерациясы ресми түрде World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі болып қабылданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ World Boxing ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл шешім АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында өткен Халықаралық бокс федерациясының конгресінде жарияланды. Сонымен қатар Гватемала мен Лаос та аталмыш ұйымның қатарына қосылды.
Сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясы ресми түрде World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі атанған болатын.
Осылайша, 2023 жылдың сәуірінде құрылған жаңа ұйымға қазіргі таңда 55 ел мүше болып отыр.
Айта кетейік, World Boxing ұйымының Олимпиада комиссиясының төрағасы – Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин. Ол бұл қызметте өзінің негізгі мақсаты ретінде боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтау екенін айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2182770-qazaqstanmen-birge-ozbekstan-da-world-boxing-ke-resmi-qosyldy/